Мекеменің толық атауы : Қарқаралы аудандық кітапханасы;

Аудандық орталық кітапхананың ғимаратын 1870 – 1880 жылдары орыс – көпесі В.П. Рязанцев салдырған. Еңселі үйдің қабырғасында мемориалдық тақтада «Бұл үйде 1913 жылы орыс саяхатшысы, ғалым, этнограф Г.Н. Потанин болған» деп жазылған. 1920 жылдары Совет өкіметі ғимаратты кәмпескелеп, бұл ғимаратта әр түрлі  мекемелер жұмыс атқарды: 1938 жылы осы ғимаратта қазақ – орыс мектебі дәріс берді, аудандық сот, агрономиялық лабораториялар жұмыс атқарды.

1952 – 53 жылдары қалалық кітапхана ашылды, ал 1978 жылдан бастап аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып ауыстырылды.

 2004 жылы аудандық кітапхана «Үлгілі кітапхана» мәртебесіне ие болды.

  1. Кітапхананың негізгі жұмыс бағыты (профилі) : көпшілік оқырмандарға арналған кітапхана .
  2. Кітапхана директоры Бейсенова Бағдат Зияденовна

Кітапханада :

  • - оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі;
  •         - оқырмандар залы;
  •         - ақпараттық – библиографиялық бөлім;
  •         - әдіскерлік бөлім;
  •         - кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері жұмыс жасайды. 

Аудандық кітапханада жоғарғы аталған бөлімдерде 11 маман жұмыс атқарады, олар үнемі білімін жоғарлату мақсатында облыстық семинар мен облыстық апталық  оқуларға жіберіліп, білімдерін жетілдіріп отырады.

Негізгі бақылау көрсеткіштері :

  •     Оқырман саны –  2142
  •     Кітап берілімі  - 32147
  •     Кітапханаға келімі  - 24030
  •     Кітап қоры барлығы – 42684, оның ішінде қазақшасы - 26905

     Кітапхананың әлемдік кітапхана кеңістігінен орын алған өз сайты бар www.karkaralinsk.kz

Қарқаралы сайты қазақ тілінде оқырмандар назарына ұсынылып, үнемі толықтырылып отырылады. Қарқаралы қаласындағы  халық саны : 9100  Жедел  жаңару  жолындағы  Қазақстан  үшін   жастардың орны  ерекше.  Елбасының   жастарды    қамқорлыққа     алу туралы тапсырмасын орындай отырып, «Асқар шыңды кербез жер – Қарқаралы, Дастан –жырлы кемел ел – Қарқаралы» атты жоба және «Білімді жас ұрпақ – ел болашағы» бағдарламасы жалғасын тауып, жұмыс жалғасуда . Кітапхана тарихы топтастырылып «Кітапхана даналық мекенінің дарабозы» атты энциклопедиясы жинақталып шықты. Кітапханада «Қаламгер», «Атамекен» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Анықтама – библиографиялық бөлімде 2005 жылдан автоматтандырылған кітапханалық жүйе «РАБИС катализаторы» модулі орнатылып электронды каталогы жұмыс жасап келеді.  2008 жылдан бастап осы бөлімде өлке тану материалдарын цифрлау жұмыстары жүргізіліп, ертеден жиналған өлке туралы мерзімді басылымдар беттеріне шыққан материалдар жинақталып басылады. 2007 жылдан «Қазақстан  Республикасы Президентінің  жанындағы Адам құқықтары  сандық кітапханаларын» құрып, оқырмандарға,  ауыл – село кітапханаларына жұмыс жасап келеді. Кітапханада «Алаштың ардақты ұлдары», «Қарқаралы мешітінің тарихы», «Ақиық ақын қасым Аманжолов», «Жазықсыз жапа шеккендер рухына тағызым», «Желтоқсан оқиғасы», «Ғабдиман Игенсартов», «Аспаныма жазылды Қарқаралы аты» (Т.Әубәкіров), «Өркенді өлкенің өнерпаздары», «Қарқаралының тұлғалы түлегі» (Ә.Омарбаев), «Дархан дарын» (Қ.Қуанышбаев), «78 Коммунарлар», «Жазушы, жаңа өмір жаршысы» (Ғ.Мұстафин) т.б папкалар жасасалған. Аудандағы кітап қорын толықтандыру және өңдеу бөлімінің негізгі жұмысы: аудан кітапханаларын кітап қорымен толықтырып отыру , мерзімді басылымдарға жазу, кітапхана ережелеріне сәйкес кітаптардың сақталуына және әдебиеттерді шығыстан шығару актілерімен жұмыс жасау, филиал кітапханаларының каталогтарын толықтыру және тазарту жұмысына бағыт – бағдар беріп отыру. Кітапхана кітап қорларын толықтыруға ерекше мән беруді талап етеді. Кейінгі кезде жүйелі  , алфавиттік каталогтарға электронды каталогтар қосылды. Кітапты өңдеу бөлімі орта есеппен жылына  кітап қорларын      10 – 12 мыңдана кітаптармен жергілікті және белгілі  ақын – жазушыларымыздың жаңа кітаптарымен, студенттерге арналған оқулықтармен және де барлық білім салалары әдебиеттерімен толықтырылып отырылады. Аудан кітапханаларын кітаппен толықтыру үшін аудандық бюджеттен 2012 жылы 2496500  теңгеге  1674 дана кітап келіп түсті. Кітап беру бөлімі өз жұмысын ауданымыздың барлық мекемелерімен, атап айтсақ білім беру мекемесімен, ардагерлер алқасымен, әскери комиссариатымен, жергілікті «Қарқаралы» газеті редакциясымен, ауыл - шаруашылық колледжімен, мектептермен т.б мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Кітапхананың оқырмандар залында республикалық , облыстық , аудандық дәрежедегі ғылыми және көптеген оқырмандар конференциялары , әртүрлі деңгейдегі кездесу кештері , ( ақын – жазушылармен , батыр аналармен , соғыс және еңбек ардагерлерімен , әнші сазгерлермен т.б. ) , көптеген мәдени іс – шаралар өткізіледі.

Атап айтсақ, 2011 жылы аудандық Қ.Аманжолов атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Шабыт берші қыран ақын арқалы, Жырдан шашу тойыңызға торқалы" ұранын  негізге ала отырып  «Дархан дауылпаздың дара дидары»  атты әдеби альманах  байқауы өткізілді. Ауыл кітапханашыларына  ақын өміріне қатысты барлық мәліметтерді  бір арнаға тоғыстыру жұмыстары жүктелген болатын. Жыл соңында әділқазылардың шешуімен қорытынды жасалып, ауыл кітапханашылары әр түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бас жүлдені Н. Омарбекова (Сарыобалы) иеленіп, мерейі үстем болды. Ұлт тарихы мен руханиятында өшпес із қалдырған дала перзентінің өнегелі өміріне арнап, Қарағанды «Болашақ» университетінің ғылыми – шығармашылық тобы шығарған «Қаз дауысты Қазыбек би» тұлғалық энциклопедиясының тұсау кесер кеші өткізілді. Облыстағы аудан кітапханаларының ішінде алғашқы болып, облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасымен 2 рет  тікелей ғаламтор арқылы Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Оқысам ұлы ақынның өлеңдерін, Өмірім көз алдыма келер менің»,  ХХ ғасырдағы сталиндік қуғын – сүргін , ұлттық трагедия  тақырыбына байланысты «Алтын таң ағарып атпас...» аттыөткізілген оқырмандар конференциясы көптің көңілінен шықты. 2012 жылы «Елін сүйген, елі сүйген қаламгер»  атты Сапарғали Ләмбекұлының «Қарқаралы» энциклопедиясының    тұсау кесер кеші алғаш туған жері Қарқаралыда орталық кітапхананың оқырмандар залында ұйымдастырылды. Оқырмандар залына жылына 110 атпен  түрлі  мерзімді басылым беттері келіп түседі. Оқырмандар көптеген қажетті сұрақтарына жауапты осы бөлімнен табады десе де болады. Орталық кітапханада 31710, 32097 телефондары қосылып, 2 нүктеде Интернет жүйесі жұмысы  жасайды.