Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай селолық округі, №11 филиал Ақжарық ауыл үлгілі кітапханасы.
Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қызыларай совхоз кітапханасы Қызыларай селолық округ кітапханасы болып 1960 жылы клуб үйі ғимаратында алғаш рет жеке кітапхана боп құрылды. 1960-1972 жылдары Смағұлова Шарбат, 1972-1974 жылдары Мажманова Зәбира, 1974 жылдан бастап 8 000-ға жуық кітап қорымен өз мамандығы бойынша Жұмаділова Сайра 2010 жылға дейін кітапханашы қызметін атқарған.
1995 жылдары барлық ауыл кітапханалары қысқартылып, Қызыларай селолық округ кітапханасы да жабылып қалды. Жабылған кезінде барлық кітап қорына кітапханашы Жұмаділова Сайра бес жыл бойы өз жауапкершілігімен кітап қорын сақтап, кейін 2000 жылы - Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған жылы Қызыларай селолық округ кітапханасы қайта ашылды.
Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен Ақтоғай ауданына қарасты №11филиал Қызыларай селолық округ кітапханасы 2008 жылы Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» 15-желтоқсан 2006 жылғы Заңын басшылыққа ала отырып, ауыл кітапханасының ақпараттық және мәдени орталық ретінде мүмкіндігін кеңінен пайдалану, ауыл тұрғындарының жаңа кітапханалық-ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ауылды ғылыми және ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30- маусым 08/23 қаулысына сәйкес Қызыларай селолық округ кітапханасы Ақжарық ауыл үлгілі кітапханасы болып қайта құрылды. Осы жылдан бастап кітапхана «Үлгілі кітапхана» мәртебесіне ие болып, қазіргі уақытқа дейін үлгілі кітапхана болып жұмыс жасауда. толығырақ