Фильтр
  • Кеше кітапханамыздың базасында ZOOM  платформасында сахна саңлағы, жерлесіміз, Қарқаралы ауданы, Милыбұлақ ауылының тумасы, көрнекті актриса ҚазКСР және КСРО-ның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдық мерейтойы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақ сахнасының Ақтоқтысы» атты дөңгелек үстел өтті.

  • 17 ақпан күні «Парасат жолы» орталығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің аға оқытушысы Жұмагелді Жанайдар Шаймерденұлымен кездесу өтті.

    Қонағымыздың «Парасаттылық – адам бойындағы туа біткен мінез бен бара-бара пайда болатын мінездің әдемі тоғысуынан қалыптасатын қасиет. Парасатты адамның тәрбиеленуі балалық шақта тұлғалық өсуінен басталады» деген ойы тәрбие мен мінез-құлықтың адамның

    ...
  • 2021 жылы «ADALDYQ ALANY» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылды. Орталықтарды ашудың мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

    Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығында мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер

    ...
  • Назарларыңызға мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай - «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты бейнешолуын ұсынамыз.

    {youtube}https://www.youtube.com/watch?v=Vw2c1OMKikg{/youtube}

  • «Парасат жолы» орталығында С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актеры, режиссері Б.М. Киекбаевпен кездесу

    «Парасат жолы» орталығы ашылғалы бері кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қызықты кездесулердің куәсі болуда. Соның бірі – С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры, режиссёрі Киекбаев Бекмұхамед

    ...