Құрметті оқырмандар мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!
Кітапхана қабырғасындағы ерекше әдеби-танымдық сайыс!
Қазақтың әйгілі қоғам қайраткері, атақты шешен Төле би Әлібекұлының 350 жылдығына орай өтетін "Ұлы жүздің бас биі" атты әдеби-танымдық сайысқа асығыңыздар!
Бұл күні Қарағанды Мемлекеттік Университетінің "Шабыт", Қарағанды Экономикалық Университетінің "Руханият", Қарағанды Гуманитарлық колледжінің "Құрбылар", Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің "Сүмбіле" поэзия клубтары сайысқа түседі.
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының алғашқы мүшелері, жеке жыр жинақтарымен қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа үн әкелген талантты жас ақындар Қуаныш Медеубаев, Алмаз Мырза-Ахмет, Мирас Асан, Ерқанат Кеңесбекұлы әділқазылық етеді.
Келіңіздер, білімділер сайысының куәсі болыңыздар!
Сіздерді 2013 жылы 24 қараша күні сағат 15.00-де Конференция залында күтеміз!
Байланыс тел: 8(7212)565-304, 8-702-763-88-24