Кітапхана маусым айының 24 жұлдызында Елордамыз Астана қаласының 15 жылдығына орай №27 жалпы білім беретін орта мектептің жазғы демалыс лагерінің балаларымен "Астана - балалар көзімен" атты сурет байқауын өткізді. Бұл байқауда жас суретшілеріміз Астананы гүлденген, жайнаған қала ретінде бейнелеп, Астана қаласына жасаған саяхаттан алған әсерлерін суреттеді. Сонымен қатар "Туған күніңмен, Астана!" атты сурет көрмесі қойылды.
Іс-шара бойынша фоторепортаж ұсынамыз.