[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/proekt is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
2013 жылдың 30 сәуірінде кітапхананың Американдық бұрышы «АҚШ мәдениеті жайлы не білемін?» тақырыбында ағылшын тіліндегі қалааралық жазбаша жұмыстар байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – кітапханадағы ағылшын тіліндегі әдебиеттерді насихаттау, оларға қолжетімділікті арттыру, оқу мен танымдық қызығушылықтары арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту.
Байқауға барлығы 30-ға жуық еңбек ұсынылды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен он сегіз оқушы ақтық сында өздерінің теориялық және практикалық білімдерін шыңдап, шешендік қабілеттерімен көзге түсті. Байқаудың барысында сайыскерлер презентация арқылы өз жұмыстарын қорғап, көрермен қауымға шығармашылық белсенділіктерімен өнерлерін паш етті. Биылғы жылы қатысқан еңбектер өте қызықты тақырыптарды қамтыды: «АҚШ мерекелері», «Американдық мультфильмдер», «Ақ үй», «АҚШ музыкасы», «Нью-Йорк архитектурасы», «Уитни Хьюстон» және т.б. Ал кейбір оқушылар өз еңбектерін 3D форматта да жасап, байқауға үлкен дайындықпен келгендерін дәлелдеді.
Сайыс барысында «Тiл мәдениет арқылы - Мәдениет тiл арқылы»атты дәстүрлі лингвистикалық фестиваль жеңімпаздарының орындауындағы әндер көрермендер мен сайыскерлерді жігерлендіріп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
{gallery}material/news/proekt{/gallery}
Арнайы шақырылған әділ қазылар алқасының мүшелері: Қалалық білім бөлімінің әдіскері В.И. Разумова, Америка Құрама Штаттарынан келген тәжірибелі мұғалімдер Анна Труник пен Брэндт Уордер, «Friendship» Дербес орта білім мекемесінің ағылшын тілі мұғалімі Н.В. Сачкова жеңімпаздарды анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша «Friendship» Дербес орта білім мекемесінің 7-сынып оқушысы Кудряшов Руслан бірінші орынды, №39 М. Жұмабаев атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Абюрова Айнұр екінші орынды, «Friendship» Дербес орта білім мекемесінің 9-сынып оқушысы Досмагамбетова Мадина үшінші орынды иеленіп, тиісті дәрежедегі дипломдар мен сыйлықтарға қол жеткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.
Байқауға қатысқан «Friendship» Дербес орта білім мекемесінің, №39 М. Жұмабаев атындағы гимназияның, №5 ЖББОМ, №63 ЖББОМ, №81 ЖББОМ, №43 ЖББОМ, №22 ЖББМИ, №61 ЖББОМ, №93 гимназияның барлық ұстаздары мен оқушыларына алғыс білдіреміз.