2013 жылдың 25 сәуірінде кітапханада "Жас өлкетанушы" үйірмесінің ашылу салтанаты өтті.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның Әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты кешенді бағдарламасында "Туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі" деп атап өтіп, мектептерде, техникалық және кәсiптік оқу орындарында "Қазақстандық құқық", "Өлкетану" курстарын мiндеттi оқу курстары ретінде енгізуді ұсынған болатын.
Қазіргі кезде біздің аймағымызда туған өлкеміздің тарихын білуге деген қызығушылық арта түсуде. Жалпы білім беретін әртүрлі өлкетанулық іс – шаралар: факультативтер, үйірмелер, іздестіру бөлімдері мен топтардың, клубтар мен басқа да бірлестіктердің ұйымдастырылуы – осының айқын айғағы. Осыған орай Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Жас өлкетанушы" атты үйірме ашылды.
Үйірмені ұйымдастырудағы мақсат – жас жеткіншектерге ғылыми-танымдық, рухани-адамгершiлiк және отансүйгіштік тәрбие беру болып табылады. Осы мақсатты шешуде мынандай міндеттер қойылды: оқушыларға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы туралы терең білім беру, маңызды оқиғалар мен айғақтарды бағамдай білуге үйрету және туған өлкеміздің тарихының жалпы Қазақстан тарихымен сабақтас екендігін түсіндіру.
Аталмыш шараға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ- нің ғалымдары; т.ғ.к., доцент С. В. Елеуханова, тарих факультетінің аға оқытушысы Н. Б. Смағұлов өлкетану төңірегінде келелі сөз қозғап, өлке тарихы туралы тың түсініктер берді. Сонымен бірге ғалымдар өлке тарихын жас ұрпаққа насихаттап, балаларды өлке тарихын қастерлеп, тарихи құндылықтарды сақтауға баулитын шараны ұйымдастырған Н.В.Гоголь атындағы кітапхана ұжымына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Л. Б. Кенешованың Қарағанды қаласының құрылуы туралы жасаған хабарламасы оқушыларды қызықтыра түсті.
Шарада жас өлкетанушылар өлке жайында жасаған ғылыми жұмыстарымен таныстырды: Н.Нұрмақов атындағы ДБМИ оқушылары мектептегі мұражай туралы хабарлама жасаса, №38 мектеп оқушылары ақын Е.Зейферттің "Волшебное Подземное Царство Караганда, или Приключения Куата Мусатая" атты кітабына шолу жасады. Өлкеге деген қызығушылығы артқан жас жеткіншектер Қарағанды, туған жер туралы өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Кеш қонақтары балаларға табыс, сәттілік тілеп, "Жас өлкетанушы" үйірмесінің мүшелік билеттерін салтанатты түрде табыстады.
Қазыналы Қарағанды
Менің туған жерім ол - Қарағанды. Қарағанды қаласы теміржол мен әуе жолының торабы. Қарағанды қаласы мың тоғыз жүз отыз төртінші жылы оныншы ақпанда құрылған. Қарағандыда жүз отыз үштен аса ұлт өкілдері және төрт жүз жетпіс бір мың адам тұрады. Мәдениеті мен экономикасы жақсы дамығанқалалардың біріне жатады. Қарағанды қаласынан көмір алынады. Көмірдің шығуы жайлы және көмірді тапқан Аппақ Байжанов жайлы аңыз бар. Біздің қалада Аппақ Байжановқа байланысты ескерткіштер тұрғызылған. Қалада елудей тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Мен өзімнің туған жерімді осы ерекшелігімен, көркемділігіменмақтан тұта аламын.
Болашақта өз туған жерімді бар әлемге танытуға үлкен үлес қосамын.
Тілейхан Жұлдыз
Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған
дарынды балалар мектеп-интернатының 7 В сынып оқушысы
Туған жер-тұғырың
"Туған жердей жер болмас" деген дана халқымыз. Иә,туған жердің өзіндік құпиясы, тұнып жатқан сыры бар. Жалпы туған жер туралы, оның қадір-қасиеті туралы айтып тауыса алмайсың. Шыр етіп дүниеге келген жер, кіндік қаным тамған жер әрқашанда қымбат, әрі ыстық. Туған ел жер жайында ақын-жазушылар ұлы шығармалар, ән-жыр жазған. Туған жердің табиғаты, тау-тастары, өзен-көлдері, халқы туралы мен де ұлы туынды жазғым келеді. Туған жерімнің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне, жайнап- жаңаруына өз үлесімді қосып, бейбітшілік орнап, одан әрі дамып, бүкіл әлемге танылуына арқау болып, "Туған жерге туың тік" демекші өз еңбегімді сіңірсем деймін.
Бізді анамыздай асырап-бағып, әлпештеген туған жерді, елді сүю біздің -парызымыз. Біз туған еліміздің - перзентіміз, сондықтан анамыздай болған туған жерімізді мақтан етіп, сүюіміз керек.
Нұрсейіт Ғалия
Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған
дарынды балалар мектеп-интернатының 7 В сынып оқушысы
Туған жер
Туған жер мен анамдай қымбат, баурымдайжақын, әкемдейқамқор. Мен оданнәр аламын қуаттанамын. Әр күнім туғанжерде өтеді. Мен туған жердің құдіретінанамның ақсүтімен,бабамның тілімен, әкемнің үнімен, домбыраның. күйімен ұғынамын. Мен Қазақстандай бақытты елдің баласы болғаным үшін мақтанамын. Сондықтандамен туған жерден жырақ кеткім келмейді. Туған жердің аялы табиғаты, қазбалы жер қойнауы, өркендеген өндірісі, күн санап дамып жатқан түрлі еңбек салалары бар. Ержетіп өскендемен туған жердің тұғыры мықты болсын деп аянбай еңбек етемін. Мен білім шыңының биігінен көрініп өз туғанелімді өзге елдерге мойындатсам деп армандаймын.Туған жер біздер білім алсын,саналы ұрпақболсын деп анамыздай аялайды. Құшағы ырысқа толы туғанжерден қамба-қамба сары алтын алынады. Қара алтын–мұнаймен көмірі бар. Сол байлықты туған жердің тірегі болар біздер бағалай білуіміз керек. Ол үшін табиғат ана, қоршаған ортаны ластамай туған жердің тауы мен тасында қастерлей білуіміз міндет.Туған жер бізге кең пейіл болса,бізде оған сондай мейірім көзбен қарауымыз керек. Мен туған жерімді мәңгілік аялап өтем депуәде беремін.
Саятова Саяна
Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған
дарынды балалар мектеп-интернатының 7 В сынып оқушысы
Шара соңында оқырмандар назарына "Қарағанды – қазыналы өңір" атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасалып, кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді.