КЕРЕМЕТ! "Гоголевкаға" Кітапханалық түн келді!
Құрметті оқырмандар!

2015 жылдың 15 мамырында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ерекше оқырмандар үшін ерекше КІТАПХАНА ТҮНІ өтеді.

Осы түні сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін арнайы СІЗДЕР үшін кітапхана қоры ашық және тек СІЗДЕР үшін ерекше мәдени бағдарламалар мен ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.