Құрметті кітапхана қолданушылары!

Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы Американдық бұрыш 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен АҚШ-ғы әйелдер тарихы айына арналған «Қазақстанның қазіргі әйелдері» атты фото байқау жариялайды.

Фото байқаудың ұйымдастырушылары: Қазақстандағы Американдық бұрыштар Ақпараттық ресурс орталықтары бағдарламасы  және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі.

Байқаудың мақсаты: қазіргі қоғамдағы әйел рөлін, қазіргі Қазақстанның дамуына қосатын үлесін фото сурет арқылы көрсету.

Байқау талаптары:

  • Фотосуреттер 2013 жылдың 20-шы наурызға дейін қабылданады
  • Фото суретші өзі жайында ақпаратты көрсету керек (аты –жөні, байланыс телефоны, электрондық пошта)
  • Фото суреттер электрондық түрде жіберілуі керек
  • Әр суреттің атауы болуы қажет
  • Әр қатысушы 3-тен артық фотосурет жібермейді

Жұмыстарды келесі мекен-жай бойынша жіберуіңізге болады:

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44, Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-сы, Американдық бұрыш,

Байланыс телефоны: 49-33-75, e-mail: NurAika@mail.ru

Барлық жұмыстар фотокөрмеде орын тауып, Американдық бұрыштың үйлестірушісі алдын-ала фотокөрменің ашылуын хабарлайды. Қазылар алқасы таңдаған ең үздік жұмыстар ҚР-ғы АҚШ Елшілігіндегі соңғы фотокөрмеге жіберіледі. Сонымен қоса, жеңімпаздарға сертификаттар мен кәдесыйлар табыс етіледі.