2013 жылдың 19-20 ақпан күндері Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Американдық бұрышына Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі бағдарламалары бойынша аймақтық директоры Дженнифер Ухлер мен ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Патерова арнайы іс сапармен келген болатын.

Іс-сапар барысында АҚШ Елшілігінің демеушілігімен жұмыс істейтін ағылшын тілі бағдарламаларын насихаттау әрі мұғалімдердің оқыту шеберлігін жетілдіру мақсатымен "Ағылшын тілін үйретудің әр түрлі әдістерін қолдану" атты семинар өткізді.

Кездесу барысында бір тақырып бойынша ағылшын тілін үйретудің әр түрлі әдістері практикалық жүйеде көрсетіліп, интелектуалдық ойындар өткізілді.

Сонымен қоса, the English Language Fellow Program, The English Language Specialist Program, The English Access Microscolarship Program,   The E-Teacher Scholarship Program, American English Оnline (АЕО), Trace Effects бағдарламаларын қызықты да тартымды презентация арқылы ұстаздар назарына ұсынды.

Бұл шара қадірлі қонақтарымыздың тарапынан мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолындағы оң бастама болса, Қарағанды қаласының ұстаздары артта қалмай, барлық шараға ғажайып ынтамен әрдайым қатысуда.

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – басекеге қабілетті маман болу екені баршаға мәлім.

Осы өреден көрініп, замана талаптарына сай қадам басып жүрген ұстаздарымызға еңбекте үлкен табыс тілейміз!