Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/roza is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/roza is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  "Жыр – Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен ақпан айының 14-жұлдызында қазақ эстрадасының гүлі, әнші Роза Әлқожамен шеберлік сыныбы өтті.

Кештің шымылдығын кітапхана директоры Аманжолова Дина ашып, алыстан ат терлетіп келген әншіге ақ тілегі мен алғысын айтып, кітапхана атынан гүл шоқтарын ұсынды.

Кеш жүргізушілері  Рауан мен Жадыра  халық қалаулысының   шығармашылығына толық тоқталып, әншіге қызықты сұрақтар қойып, тындырымды жауап алумен кешті  өрбітті.

Әншінің туып-өскен ортасы, өнерге келу жолы, шығармашылығындағы жаңалықтар әңгімеге арқау болды. Кеш барысында  Роза Әлқожадан ән сұралып, халықтың қолпаштауымен аудитория әсем әуенге бөленді.

"Дарынды адам барлық жағынан дарынды"  демекші, кеште  талант иесінің тек әншілігі ғана халыққа паш етілмей, сонымен қатар, ақындық қыры ашылып, бірнеше өлеңдері оқылды.

Әнші балалық  шағынан естеліктер айтып, қызықты оқиғалармен халықты күлкіге бөлесе, кездесу барысында жүргізушілерден бөлек, көрермендер де өз көкейлеріндегі сұрақтарын әншіге қойып, тікелей сұхбат жүргізу мәртебесіне ие болды.

{gallery}material/news/roza{/gallery}

Ауылдың алты ауызы ретінде "Жыр-жауһар"  поэзия клубының мүшелері Рауан Қабидолдин мен Айзада Рақымжанова жүректен шыққан өлеңдерін оқыды.

Роза Әлқожаға тосын сый ретінде әншіні "Жыр-жауһар" поэзия клубының құрметті мүшесі ретінде қабылдап, төсбелгісі  қадалды. Кітапханадағы тілек кітабына әнші өз қолтаңбасын қалдырып, тілегін жолдады.

Кеш соңында поэзия клубы мен кітапхана атынан өнер иесіне естелік ретінде жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары  мен гүл шоқтары сыйланды.  

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Роза Әлқожамен кездесу өз деңгейінде өтіп, көрермендер  жақсы көңіл-күймен тарасты.

Торбаева, Ә. Сырлы сұқбат жүректен ақтарылған // Жастар әлемі = Мир молодежи : Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. - 2013. - 19 наурыз. - б. 6