Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/omarbekova is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/omarbekova is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Облысымыздың өнерін өрнектеп, тарихын түгендеп, дәстүрін дәріптеген мәдениет жанашыры Рымбала Кенжебалақызы Омарбековаға биыл 70 жыл толып отыр.

Осыған орай, 2013 жылдың 1 ақпанында Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Кенжебалақызы Омарбекованың туғанына  70 жылдық мерейтойына арналған "Мәдениетіміздің майталман ұйымдастырушысы" атты кітап көрмесі қойылып, әдеби шолу жасалды.

Рымбала Кенжебалақызы 1943 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орманшы отбасында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін 1965 жылы орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (Мәскеу қаласы, 1977-1980) бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты (1980). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: "Дамыған социализм кезеңінде ауыл мәдениетін дамытудағы Кеңестердің қызметі". Облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәдениет мәселелері жөніндегі мақалалардың авторы. "Нұр Отан" ХДП мүшесі.

1965 жылы институтты тамамдаған кейін Қарқаралы ауданы "Қырғыз" кеңшарының №23 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1966 жылы Қарқаралы қалалық №1 орта мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1967 жылы Қарағанды облысы Қазақстан ЛКЖО Қарқаралы аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 1971 жылы Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы - студенттер, мектеп жастары мен пионерлер бөлімінің меңгерушісі болады. 1973 жылы Қазақстан Компартиясының Қарқаралы аудандық комитетінің хатшысы. 1980 жылдан - Компартияның Қарағанды облыстық комитетінің дәріскерлер тобының жетекшісі, 1982 жылдан - үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1985 жылдан - Қарағанды облыстық атқару комитеті Мәдениет басқармасының бастығы. 1987 жылдан - Қарағанды облыстық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - Қарағанды облыстық Мәдениет комитетінің төрағасы. 1999 жылдан - Қарағанды облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің бастығы. 2000 жылдан - Қарағанды облыстық Мәдениет департаментінің директоры.  2005 жылдан - Қарағанды облысы Мәдениет департаментінің директоры. 2008 жылдан 2011 жылдың ақпанына дейін - Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының бастығы болды.

Қарағанды облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1986-1992). Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі. "Парасат" орденімен (2007), "Еңбек үздігі үшін" медалімен (1976), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен (1975) марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998). Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы (1999).

Облыстық мәдениет мекемелерінің өсіп-өркендеуіне, жұмысын үйлестіруге мол үлес қосқан Р.К.Омарбекова 2011 жылдан "Сарыжайлау" кинотеатрының директоры және Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.

{gallery}material/news/omarbekova{/gallery}

Еліміздің мәдениетін дамытуға өзінің орасан зор үлесін қосқан Р.Кенжебалақызы туралы кітаптар мен баспасөз беттеріндегі мақалаларды және олардың толықмәтінді нұсқаларын Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімі қорынан алып, толығырақ танысуыңызға болады.

Р.Омарбекова туралы:

Алпысұлы С. Мәдениет - рухани кемелділік кепілі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 13 шілде

Балташұлы Е. Арқаның тауы әнші, тасы күйші // Қазақстан әйелдері. - 2005. - №1

Сұлтанов Қ.  Қарқаралы қарлығашы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 ақпан

Моос О. И. Любить жизнь, любить людей // Индустриальная Караганда. - 2012. - 1 дек.

Моос О. И. Творческое горение // Индустриальная Караганда. - 2013. - 9 фев.

Строкова А. Счастье жить такой судьбою // Индустриальная Караганда. - 2013. - 5 февр.

Сулейменов М. Большое искусство // Индустриальная Караганда. - 2013. - 5 февр.