19 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Бір ел – бір кітап" акциясын насихаттау мақсатында Оралхан Бөкейдің "Қайдасың, қасқа құлыным" атты повестер мен әңгімелер жинағы бойынша әңгіме өтті.

Оралхан Бөкейұлы – қазақ жазушыларының маңдайалдысы, дара туған дарындысы, мақтанышы. Оның жаңа жазған шығармасы, жаңа шыққан кітабының аты аталмай қалмаған. Сол кездегі жас жазушылар Оралханша ой толғап, ағыл-тегіл ақтарылып, жарқыратып жазуға ұмтылған. Бүгінгі таңда Оралханның шығармаларын білмейтін қазақ кемде кем шығар."Бір ел –бір кітап " акциясының елімізде жүргізіліп жатқанына биыл алтыншы жыл. Ұлы Абайдың "Қара сөздерінен" (2007) бастау алып, Мұхтардың "Қилы заманына" (2008), Мағжанның "Жан сөзіне" (2009), Жұбанның "Мен қазақпын" (2010) атты поэмасына, Жүсіпбектің "Ақбілегіне" (2011) жалғасқан жобаның осы жылғы кітабына Оралхан Бөкейдің "Қайдасың, қасқа құлыным" атты повестер мен әңгімелер жинағы таңдалып алынды.

 

Демек, биылғы жыл еліміз болып Оралханның әңгімелерін оқитын жыл. Акцияның мақсаты – оқу ісін ілгерілету, оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.Осы орайда, 19 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Бір ел – бір кітап" акциясын насихаттау мақсатында Оралхан Бөкейдің "Қайдасың, қасқа құлыным" атты повестер мен әңгімелер жинағы бойынша әңгіме өтті. Бұл әңгімеде ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәнді де мағыналы мағлұматтар айтылды. Отырысқа Болашақ университетінің, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысты. Оқу залының кітапханашысы Сыздықова Меруерт жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ой толғады. Әңгіме соңында студенттер сауалнамаға қатысып, жазушы туралы білетіндерін ортаға салып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.