Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев,
мемлекет қайраткері
ҚР Ұлттық кітапханасы «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара қазақ әдебиетінің классигі, абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына арналады.
Халықаралық акцияның мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасына әлем елдері оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру және қызығушылығын арттыру.