Биыл Қарағанды облысының мәдени өмірінде айтулы оқиға – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтойын атап өтеді.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жыл басынан бері кітапхананың мерейтойына арналған ғылыми және шығармашылық зиялы қауыммен, оқырмандарымен, әдебиетшілермен, жас ақындар мен жазушылармен, бір сөзбен айтқанда, көптен бері ынтымақтастықта жүрген достары мен серіктестерімен кездесулер циклі өткізіп келеді.

15 наурыз күні оқу залдары бөлімінде «Менің өмірімдегі кітапхана» атты алғашқы мерекелік кездесу өтті.

Іс-шараға біздің кітапханамен бұрыннан ынтымақтастық қарым-қатынастағы  қонақтар қатысты. Олардың көпшілігі кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартқан, оның ішінде: оқулықтар мен оқу құралдары, жинақтар мен монографиялар.

Қонақтардың қатарында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, ардагер журналист – А.Ж.Жангожин, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультетінің PhD докторы – Н.Б. Смағұлов, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Н.А. Бейсенбекова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик  (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ) – З.Г. Сақтағанова, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысының филиалының корреспондент-мүшесі – Т.К.Туркенов, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының археология және этнография мұражайының меңгерушісі, әлеуметтік серіктес –  М.В.Бельдебаева, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» кафедрасының меңгерушісі, ақпараттық-библиографиялық ғылымдар магистрі, ҚР мәдени-білім беру саласындағы сарапшы – Қ.С.Мухамбетчина болды.

Шақырылған қонақтар екі негізгі сұраққа жауап берді: «Сіздің өміріңіздегі кітапхана», «Кітап сізге шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруға қалай көмектеседі?».

Кітапхана қызметкерлері және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері (болашақ кітапханашылар) да әңгімеге белсене қатысты.

Кездесу соңында қонақтарға «Тарихы тағылымды 90 жыл» кітап көрме-инсталляциясы ұсынылды.