Құрметті әріптестер! Сіздерді Кітапханашылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы.

Кітапханашы әріптестерімізге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Құрметпен, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы