2023 жылдың 26 мамыр күні ақын, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, «ЕСЕП» негізін қалаушылардың бірі Махмет Темірұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Алаш идеясы және кеңестік кезеңдегі жастардың астыртын саяси ұйымдары: тарихи сабақтастық, тұлғалар тағылымы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция серіктестері:

  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің «Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубы;

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Алаш және Тәуелсіз Қазақстан: тәуелсіздіктің тарихи бастаулары;
  2. Абай дәстүрі және Махмет Темірұлы шығармашылығы;
  3. Алаш идеясы жас зерттеушілер көзқарасымен;

Конференцияға қатысуға ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, ақын-жазушылар, архив, музей, кітапхана қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, колледж, мектеп мұғалімдері және докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады.

Өтініш білдірушілердің баяндамалары 2023 жылдың 6 мамырына дейін мына Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданатынын ескертеміз.