Дара талант иесі - Төлен Әбдік: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С. Шохшина. – Қарағанды, 2023. – 11 б.

Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты дамыту мақсатында жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асырып келеді.

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында 2023 жылға қарымды қаламгер Төлен Әбдіктіңшығармаларын оқуғатаңдап алынды.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдік қалың оқырмандарға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал. Оның талантының ерекшелігі тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы шыққан әңгімелері мен соңғы жазған романдарына дейін, оқырмандардың жүрегіне жол тауып, сүйікті шығармаларына айналды. Төлен Әбдікұлының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән - мағынасын философиялық тұрғыдан қараумен ерекшеленеді.

Құрметті оқырман! Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосып келе жатқан парасат майданының сардары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, жазушы, драматург Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Дара талант иесі – Төлен Әбдік» атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

 

Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, абонемент, оқу залы, ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімдерінің қордағы кітаптары, тарихи танымды әдеби еңбектері, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалары мен интернет ресурстары пайдаланылды.

Библиографиялық жадынамаға жазушының өмірбаяны және ол туралы жазылған әдебиеттер мен мақалалар тізімі енгізілді. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары мен шығармаларының тізімі алфавиттік ретпен орналасқан.

Библиографиялық жадынама студенттерге, жазушының шығармашылығын зерттеушілерге, әдебиетті сүйетін көпшілік оқырманғаарналған.