14 желтоқсан күні кітапханамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты кездесу кеші өтті.

Кешке Қарағанды облысының, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев, Тарас Шевченко  атындағы «Ріднеслово» украин тілі бірлестігі, «Дакия» Румын мәдени орталығы, Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі «КИППЫМ» ән-би ансамблі, Тәжік этномәдени орталығы бірлестіктерінің өкілдері және «Қарақат» мектеп-студиясының «Көңіл ашар» ансамблі қатысты.

Кездесу барысында Қарағанды облысының, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Тарас Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі бірлестігінің жетекшісі И.А. Салагина еліміздің бүгінгі қол жеткізген маңызды жетістіктері, ұлтаралық және дінаралық келісім, әлеуметтік тұрақтылық, Ассамблеяның бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары жайында ой түйіп, кітапханаға Украин халқының ұлы жазушысы Т.Шевченконың «Кобзарь», В.Сергейчуктың «О Депортаций украинцев в Казахстане», «Украинская Голгота: Караганда» кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты.

«Дакия» Румын мәдени орталығының өкілі Н.В.Плушкис те өзінің ізгі тілегін ақтарып, румын мәдени орталығының атқарып жатқан жұмыстары жайлы сөз өрбітіп, румын тілінде өлең оқыды, сонымен бірге сирек кітпашаларын сыйға тартты.

Кеш барысында «Көңілашар» ансамблі тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлға, күйші Әбдімомын Желдібаевтың қазақтың тұтас дәуір келбетін көрсететін «Ерке сылқым» және қазақтың дәулескер күйші Құрманғазының «Адай» күйін орындап, көрермен көңілінен шықты.

Корей  этномәдени  бірлестігі «КИППЫМ» ән-би ансамблінің бишілері  Тәуелсіздік күнімен қазақ, корей және орыс тілдерінде ізгі тілектерін білдіріп,«Пучхечум» биін мың бұрала биледі.

Кеш соңында халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктері, егемен елімізді құру, қалыптастыру және дамыту, өркендеуі мен жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар қойылған «Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.