Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:

  • «Ғажайып ғаламшар» – зейінді болу ойындары мен жаттығулар, танымдық сабақтар;
  • «Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!» шығармашылық шеберхана, зияткерлік ойындар мен шеберлік сағаттар;
  • «Кітапландия патшалығы» -балаларға арналған жаңа кітаптармен танысу, зияткерлік клубы мен ертегілер театры, «Үйрен де жирен» шеберханасы;
  • «Жаз аймағы»- суреттер байқауы, дала ойындары мен викториналар;
  • «Әлем ғажайыптары» - балаларға арналған домбыра сабағы, АРТ сағаттар мен асық-party;
  • «Summer fun with language!»(Қызықты ағылшын!) - ағылшын тілін ойын арқылы үйрену сабақтары;
  • «Қызықты қазақ тілі»- қазақ тілін ойындар мен ертегілер оқу арқылы меңгеру.

Біздің шығармашылық алаңдарда Сіздер оқуды, сурет салуды, қолдан әр түрлі заттар жасауды үйреніп, сондай-ақ, ағылшын тілі мен робототехника негіздерін меңгеретін боласыз.

Сіз әлем елдерінде жүріп жарқын әрі қызықты саяхат жасап, түрлі сауалнамалар мен байқауларға қатысып өз біліміңізді тексеріп аласыз.

Барлық алаңдарды кітапханашылар тек Сіздер үшін және тегін ұйымдастырады. Қол ұшын ұсынған еріктілерге риза боламыз.

 Келіңіздер, жазғы демалысты пайдамен өткізейік!