Дәстүрлі медиа тарихы. Қазақстанның 2021 жылғы мерейтойлық мерзімді басылымдары: библиографиялық жадынама / Карагандинская областная универсальная научная библиотека им. Н. В. Гоголя; сост. У. Жамауова. – Караганда, 2021

Н. В. Гоголь атындағы кітапхана Қазақстанның мерзімді басылымдарына арналған библиографиялық басылымдар сериясын жалғастыруда.

2021 жылы «Жас Алаш» газеті және «Ақиқат» журналы ғасырлық мерейтойын атап өтеді.

Біздің қарағандылық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттеріміз тоқсан жылдығын атап өтуде.

Сондай-ақ, өзінің отыз жылдық мерейтой күнін -Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы «Ақ босаға» әйелдер газеті атап өтеді.

Сіздерге осы газеттер мен журналдардың тарихымен танысуды ұсынамыз.

Библиографиялық жадынама студент – журналистерге және осы тақырыпқа қызығушылық танытқандарға пайдалы болады.