Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК 2021 жылдың 3 мамырына дейін қазақстандық толық мәтінді деректер базасына тестілік қол жеткізу ашылды - KazNUread ЭКЖ

Бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінің электронды-кітапханалық жүйесі. Қазіргі уақытта KazNUread ЭКЖ-де оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік басылымдардың 4200 атауы, монографиялар, сондай-ақ тек оқу үшін ғана емес, сонымен қатар зерттеу қызметі үшін де пайдалы болатын конференция материалдары мен мақалалар жинағы орналастырылған. KazNUread ЭКЖ кітаптар каталогы келесідей бағыттарды қамтиды:

 

- гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар;

- жаратылыстану ғылымдары;

- тілдер және лингвистика;

- сериялы басылымдар: «Өнегелі өмір» кітаптар сериясы, «Абайтану» көп томдығы;

- танымал ғылыми әдебиеттер

KazNUread ЭКЖ контенті ай сайын жаңа электрондық басылымдармен толықтырылады, бұл жылына кемінде 500 атауды құрайды. Кітапханаға тіркеліп, логин алып, сіз кітаптарды және KazNUread ЭКЖ материалдарын кез келген жерде: үйде, кітапханада және т. б. пайдалана аласыз.

Сіз дерекқорға қашықтан қол жеткізе аласыз. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жазу жеткілікті  немесе 567464 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өтінімді рәсімдеу үшін пайдаланушының аты-жөнін, оқырман билетінің нөмірін, сондай-ақ кіру үшін логин мен пароль келетін қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет.