2021 жылы 17 ақпан күні Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жетісу өңіріне ғана емес бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, "Тарихы мол білім ордасы" тақырыбында мектеп – интернаттың тыныс тіршілігі жайлы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәрипа Қапашевамен тікелей эфирде сұхбат өтті.

Сұхбат барысында білім ордасының өткен тарихы, Жамбыл атын қай жылы иеленгені жайлы сөз қозғалып, мектеп ішіндегі 1975 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан мұражай туралы мағлұматтар айтылып, Ұзынағаштағы Жамбыл мұражайынан әкелінген 1946 жылы жарыққа шыққан "Жамбыл Жабаев" жыр жинағы мен Жамбыл хатшылары қолданған қаламсаптар көрсетілді. Сонымен қатар, кітапханамыздың сирек қорындағы 1937 жылғы "Жамбыл Жабаев", 1940 жылғы  "Сураншы батыр", 1955 – 1959 жылдары жарық көрген еңбектерімен қатар жыраудың көп томдық таңдамалылары мен ол жайлы зерттеу еңбектер таныстырылды.

Мектептің "Жыр-жауһар" клубының мүшелері Тілеуғабыл Нәзерке Жамбыл атамыздың "Жаныс ақынға" деген өлеңін мәнерлеп оқыса, Ойрат Шұғыла "Жалын Жамбыл" атты өз арнау өлеңін тарту етті.

Аталмыш шара соңында кеш қонақтары жылы лебіздерін білдірсе, кітапхана ұжымы  оларға естелік кітаптар ұсынып,  алғыс айтып, естелік суретке де түсті.

Тікелей эфир