Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/kraeved/acseleu is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/kraeved/acseleu is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ғасырларда есесі кеткен еліміздің өнерін өрнектеп, тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына биыл 70 жыл толып отыр.

Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2012 жылы 12 желтоқсанда жазушы, этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбектің туғанына 70 жыл толуына арналған «Алаштың алтын сандығы» атты еске алу кеші өтті.

Кештің мақсаты – жастарды Ақселеудей біртуар азаматтың артынан қалған еңбектерімен таныстыру,  болашаққа жол сілтейтін ақыл-кеңестері, таусылмайтын қазынадай өсиеттерін насихаттау.

Кешке жергілікті ақын-жазушылар мен ғалымдар, журналистер қатысты:

физика-математика ғылымдарының док­торы, профессор, «ХХ ғасырдың ғұлама адамы» Көкетаев Темірғали Әбділдаұлы, жазушы, Кәріпұлы Өмір, Әлжантегі Төкен, Қарағанды облысы әкімінің аппараты Әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ақын Бексейіт Сәбит Қыдырбайұлы, ф. ғ.д., профессор Асанов Қойлыбай, ф. ғ.д., профессор Жарылғапов Жансая, қаламгер Төрехан Майбас.

Кеш шымылдығы Қарағанды экономикалық университетінде жұмыс жасайтын «Ақсораң» қазақ студенттері театры (жетекшісі Ысқақова Алмагүл Жұмагелдіқызы) ұйымдастырған түрколог- ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының «Ақселеу» эссесі бойынша шағын қойылыммен ашылды.

Өзінің дүйім елді мойындатқан кең тұғырлы ерекше қарым-қабілетімен көзі тірі кезінде-ақ «Алаштың Ақселеуі» атанып кеткен ұлттың біртуар ұланын еске алған кеш қонақтары А.Сейдімбектің өмірі туралы және шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы, темір қаламы тебендей, қағазы киіз, қолы мүйіз болғанша, Алаштың ауызша тарихын сөйлетіп, қазақтың салт-дәстүрі, өнері мен мәдениеті, әдебиеті жайында қыруар еңбек етіп, ғұмырының ең ғибратты шақтары туралы   әңгіме өрбітті.

Ел көкейіндегісін дөп басқан оралымды ой-тұжырымдарынан кейін,  кітапхана сайтына қойылған Қарағанды облысы жас кітапханашыларының І Форумы аясында өткізілген «Ақпараттық технологиялар мен шығармашылық» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған кітапханашы А.Баянованың дайындаған "Арқаның алтын сандығы" атты виртуалды кітап көрмесінің тұсауы кесілсе, осы шараға арнайы ұйымдастырылған «Қазақтану ілімінің қара нары» атты кітап көрмесіне жасалған әдеби шолу жазушы-ғалымның шығармашылығына деген оқырмандардың қызығушылығын арттыра түсті.

Өнегелі кештің ажарын Қ.Байжанов атындағы КБ әншісі бірнеше республикалық конкурстың жүлдегері Д.Әркеновтің орындауындағы А.Сейдімбектің «Дәурен-ай» әні, Тәттімбет атындағы оркестрдің артисі А.Қадырбектің орындауындағы Сары Тоқаның «Қосбасар» күйі аша түсті.

{gallery}material/kraeved/acseleu{/gallery}

Сонымен бірге ақын Ж.Ерманның, Н.Айтұлының А. Сейдімбекке арналған арнау өлеңдерін Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің 1 курс студенттері А.Ерубаева, Г.Дүйсенбаева, №41 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы А.Абдрахманова, Дубовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Құрақбай Ақселеу  нақышына келтіре оқыды.

Кешке Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-тің, Болашақ Университетінің, Қарағанды гуманитарлық колледжінің, №41 мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Өмір керуенінде өзегін өртеген ой-арманын жыр қылып айтып, күй құдіретімен шерткен, «самғаған аспанында сар даланың» Ақаңды іздейтіндер көп....