[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_18oktyabrya1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Біздің жанымыздағы төзімділік пен үнқатысуға деген ықылас-ниет, біздің қалаларымызда қатар бой түзеген мешіт пен православ ғибадатханасы, костел мен синагогалар, біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім, – бұл қазақстандықтардың өміріндегі айшықты ақиқат пен айқын көріністер.
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасқанына 2016 жылы 25 жыл толып отыр, осы оқиға заманауи қазақстандық қоғамда ұлтаралық және дінаралық келісіммен тығыз байланысты.
1992 жылы 18 қазан күні Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен тұңғыш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өтті. Конгрессте қабылданған манифесте оның қатысушылары 18 қазан күнін жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий, адамдар арасында өзара түсіністік, рақымшылық және жақыныңа көмек көрсету күні деп жариялауға шақырды. Сол сәттен бастап Қазақстанда 18 қазан – Рухани келісім күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.
Қазақстанда 130-ға жуық этнос пен 40 конфессия мекен етеді. Біздің ұлтаралық және дінаралық келісім моделі – бұл Қазақстанның әр түрлі конфессиялардың тығыз қарым-қатынас жалпы әлемдік процесіне қосқан үлесі деп білеміз.
12 қазан күні кітапхананың конференц залында Рухани келісім күніне арналған "Қоғам байлығы - рухани келісім - Духовное согласие – богатство народа" атты кездесу өтті. Шараға Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің студенттері қатысты. Облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды: "Намус" әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Рзаев Гюлага Векил-оглы; "Дружба" қытай мәдени орталығының төрағасы Ян Дэ-Си, "Литуаника" литва мәдени орталығы төрағасының орынбасары Матайс Вера Юрьевна, "Рідне слово" Т.Шевченко атындағы украин тілі Серіктестігінің төрағасы Матияшина Ольга Васильевна. Олардың баяндамаларында өздерінің тағдырлары туралы және "біздің мемлекетіміздің жаңа тарихында әр түрлі мәдениетпен діндердің бейбіт өмір сүру мүмкіндігі ғана емес олардың қоғам дамуына оңтайлы әсері бар екендігі" туралы айтылды.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Д.Б. Аманжолова өз сөзінде кездесуге келген жастар қауымына Қазақстан Республикасы үшін бұл датаның маңыздылығы, бейбітшілік пен келісім түсінігі туралы атап өтті.
Іс-шара барысында Қасенов Еламан Балтабайұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, Болашақ академиясының саясаттану және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі; Төкенов Аслан Жақанұлы, Қарағанды облысының Дін істері Басқармасының "Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының" бөлім инспекторы; Савчук Андрей Витальевич, Қарағанды қаласы "Жастар ресурстық орталығының" ақпараттық жұмыстар және мониторинг бөлімінің меңгерушісі өз ойларын ортаға салып, қатысушылармен пікір алмасты. Олар жиналған студенттер қауымына кештің басты мақсаты болған яғни күш те, бейбіт өмірде де бірлікте екендігін, біз ата-бабаларымыз асыл мұра ретінде, аманат ретінде қалдырған мемлекетімізді сақтау керектігін түсіндірді. Өзара көмек, достық, әр ұлттың мәдениетіне деген құрмет әрқашан да Қазақстанның көп ұлтты халқына тән қасиет екендігін де атап өтті. Жастарды дамытудағы негізгі артықшылықтары - патриоттық сезімін дамыту, жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде төзімділікке тәрбиелеу, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарау, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу керек деген ойлары бір арнаға тоғысты. Сонда ғана жастар қауымына жаңа білім алуға, өз мамандығын дұрыс таңдап, рухани дамуына жол ашылады.
{gallery}/material/news/2016_18oktyabrya1{/gallery}
Колледж оқушылары белсенді қарым-қатынас жасап, сұрақтар қойды. Кездесу барысында олар өздерінің өмірге деген прагматикалық көзқарастарын өзгертіп, Қазақстан республикасының әр азаматының дұрыс тәрбие алуы рухани келісім мен бірлікке, бейбітшілік пен тұрақтылыққа байланысты болатындығын түсінді деген үміттеміз. Кітапхана қызметкерлері "Рухани келісім – татулық тұғыры=Духовное единство – основа согласия" атты кітап көрмесін назарға ұсынды. Олар көпшілікті Рухани келісім күні мерекесінің тарихы туралы, ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен дамуы, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ететін дәстүрлі діндердің рөлі туралы әдебиеттермен таныстырды. Кеш соңында "Конфессияаралық келісім – бейбітшілік пен даму кепілі" (Интернет-ресурсіне шолу) атты презентациясы назарға ұсынылып, көрме аясында естелікке фотосуретке түсті. Шараға "5 арна" және "Қазақстан-Қарағанды" арналарының тележурналистері және "Индустриальная Караганда" газетінің тілшілері қатысты.
Кеш жүргізушілері кездесу қонақтарын жылы лебізбен қарсы алып, қонақтарға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Құрметті қазақстандықтар, Рухани келісім күнімен құттықтаймыз
Кітапханаға қош келдіңіздер!
Өлкетану бөлімінің құжаттарды өңдеу және цифрлау секторының басшысы
Т.В. Воропаева