Құрметті оқырмандар!

Кітапханада тағы да мереке!

Ұлытау саясында дүниеге келіп, Алатау аясында жазушы, қаламгер ретінде қалыптасқан Б.Бұлқышев пен М.Иманжановтың биыл туғанына 100 жыл. Осы мерейтой аясында кітапханада 2016 жылдың 19 қазан күні сағат 12.00.-де "Ұлытаудың ұландары - қазақ рухының қырандары" атты әдеби кеш өтеді.

Әдеби кеш онлайн түрде С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасымен бірлесе өтеді.  Кешке Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Б.Т. Мырзабеков, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Х. Хамзин, ф.ғ.к., доцент, "Тілтану" оқу орталығының басшысы Ғ.Е. Ештанаев, ф.ғ.к., доцент А. Бабашев қатысады.

Кеште халқының біртуарларына айналған Баубек пен Мұқанның қазақ әдебиетінде алатын орны жайында, әдеби-шығарма­шылық қызметі, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың достығы, таланттарының тоғысуы жайында ортаға ой салынып, пікірлер  алмасады. Студенттер мен мектеп оқушыларының орындауында авторлардың шығармаларынан үзінді оқылып, ән шырқалады.

Тамаша кештен қалыс қалмаңыздар!

Келіңіздер және белсене қатысыңыздар!

Қазақ руханиятына үлес қосыңыздар!