2016 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Талдықорған қаласында қазақтың аса көрнекті ақыны Т.Молдағалиевтың өшпес мұрасын халық арасында насихаттау мақсатында "Жүрегі жырдан жаралған" атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауы өтті. Аталмыш шара биылғы жылдың басты оқиғасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Қарағанды облысының атынан әншілер байқауына әріптесіміз, әнші, сазгер Амангелді Ахметжанов аймақтың намысын қорғауға аттанған еді. 3 күн бойы еліміздің дүлдүл әншілерімен бақ сынасқан Амангелді Берікбайұлы жүлделі 3 орынның иегері атанды. Қуанышты жеңіске ортақтасып, әріптесімізге шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейміз!