Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 21 қыркүйек күні сағат 11.00-де "Қарағанды жастары есірткіге қарсы" атты Акция өткізіледі.
Шараның мақсаты – жастарды нашақорлық індетінен аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын бірге ұстануға үндеу болып табылады.
Акцияға Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығыжәне "Жастар қозғалысы Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетеді.
Акция барысында нашақорлыққа қарсы күресті насихаттайтын "Есірткісіз ел іргесін бірге қалайық" аттыкітап көрмесі ұсынылады Сондай-ақ, акция барысында кинолог мамандар, "Еңбек" спорт клубы жанынан құрылған жаттықтырушы Айтназаров Еркін бастаған "NOMAD – MMA" ережесіз жекпе-жек тобы, "Метеора" черлидинг тобы (жаттықтырушы НечипоренкоТатьяна) және Марио Бросс бразилиялық джиу-джитсу тобы өнер көрсетеді. Кітапхана жастары тақырыпқа орай шағын қойылым қойып, Қарағанды қауымын салауатты өмір салтын ұстауға үндейді.
Өз болашағына, ел болашағына бей-жай қарамайтын барша қауымды осы шараға шақырамыз.