Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_akciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_akciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Аталмыш акция еліміздің барлық өңірлерінде, облысымыздың қала, аудан, ауылдарында ұйымдастырылып, қалың көпшіліктің оң бағасын алды.

Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, әлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

"Ақ oрамал" акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған. Ақ –адалдық, пәктік, тазалықтың символы. Ананың ақ сүтін ақтауға деген талпынысы адамның өмірге деген құлшынысын арттырады.

Біздің кітапханамыздың да ақ жаулықты асыл жандары, осы игілікті іске өз үлестерін қосып, 29 тамыз күні "Мәңгілік алау" мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Отты жылдарда отан үшін жан алысып, жан берген адамдардың ерлігіне бас иіп, сұрапыл соғыс арқылы бейбіт күнге, жарқын болашаққа жеткізген батырларымызға деген тағзым.

Акцияны қолдауға бағытталған мұндай іс-шаралар облысымыздың көптеген кітапханаларында ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде акциялар мен флешмобтар, ақпараттық және тарихи сабақтар, дөңгелек столдар мен кітап көрмелері акцияның алға қойған мақсаттары мен негізгі идеясын қалың көпшілікке жеткізуде өз үлесін қосты.

{gallery}/material/news/2016_akciya{/gallery}