Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_seminar_avgust is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_seminar_avgust is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Жыл сайын тамыз айының соңғы күндері өтетін педагогикалық кеңестерге Н.В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері дәстүрлі түрде қатысады. Мұндағы біздің мақсатымыз жас ұрпақтың біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға, білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін ұстаздарға серіктес болу.

Биыл 25 тамызда Қарағанды қаласындағы № 92 гимназиясында қазақ мектептерінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушыларына және № 38 гимназиясында орыс мектептерінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушыларына арналған семинар өтті.

Аталмыш семинарларға жиналған ұстаздарға кітапхана қоры мен кітапханада көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқыту үрдісінде көмек болатын басылымдарға шолу өткізілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға «Бір ел - бір кітап» республикалық акция жайында мәлімет беріліп, 2016 жыл кітабы болып таңдалған Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналып жасалған библиографиялық жаднамамен таныстырылды. Кітапханадағы онлайн қызметтер, әдеби және қызығушылық бойынша клубтардың жұмысы туралы айтылып, кітапханада жарық көрген библиографиялық басылымдар ұсынылды.

Жас ұрпақтың білімін қалыптастыруда өз үлесін қосатын оқу орындары мен кітапханамыз арасындағы серіктес қарым-қатынас жаңа оқу жылында да өз жалғасын табады деген сенімдеміз

{gallery}/material/news/2016_seminar_avgust{/gallery}