Тіршілік қазаны қайнап жатқан қаламыздабаласын жетектеген ата-аналардың мектепке дайындық қамымен жүргендері тамыз айының соңғы апталарына тән көрініс. "Сананы тұрмыс билеген" заманда баланы мектепке дайындаудың мәселелері өте көп. Осыны ескере, кітапханамыз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай басталған "25 игі іс" атты республикалық акция шеңберінде бір отбасына балаларын мектепке жинауда көмек көрсетуді жөн көрді.

Кітапханамыздың қызметкерлері қаламыздың тұрғыны Винокурова Надежданың 4 және 5 сынып оқитын қыздарына мектепке қажетті кеңсе керек-жарақтарын, сонымен қатар, 5 сыныпқа баратын Анастасияға дене шынықтыру сабағына аяқ киім сатып берді. Әрине, біздің мұндай тосын сыйымызға Надежда Александровна дән риза болды. Ал қызы Анастасия кітапханашылар тарапынан жасалған игі іске өзінің ризашылығын білдіріп, болашақта біздің оқырманымыз болатынына уәде берді.