Былтырғы жылы тамыз айының дайджесті "Скоро осень, за окнами август. От дождя потемнели кусты" деген өлең жолдарымен басталған болатын. Биылғы жылғы маусым мен шілде айларында да тамыз айына тән ауа-райы болды, жаз бойы тоқтамай жаңбыр құйды. Жаз қасқағым сәтте өте шықты, міне тамыз да келіп жетті. Тамыз айында кітапханамыздың барлық жазғы бағдарламалары өз мәресіне жетіп, кітапханамыз дәстүрлі түрде қатысатын жазғы педагогикалық кеңес өткізіледі.

Биылғы жылы АҚШ-ның астанасы - Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Саммит аясында,Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев жария еткен "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесін насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы алғаш рет "Ақ орамал" республикалық акциясын өткізуге бастама көтеріп отыр. Акция Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығынаарналады. Акцияның мақсаты –акцияға қатысу арқылы еліміздің барлық азаматтарын бейбітшілік идеясы төңірегінде шоғырландыру. Акция 2016 жылғы 29 тамыз күні өткізіледі.

Іс-шаралар туралы толығырақ