Кітапханымыздың Американдық бұрышына маусым айында іссапармен Қазақстандағы Американдық бұрыштарының директоры  Жанар Құлжаева келген болатын.

Іссапар мақсаты – қаламыздың Американдық бұрышының қызметкерлері мен атқаратын жұмысы, алға қойған жоспарларымен танысу.

Кездесу барысында Американдық бұрыштың ақпараттық ресурстары, дәрістер, онлайн кездесулер мен вебинарлардың тақырыптары, мақсатты жобалар мен облыс өңірлеріне баратын іссапарлар туралы талқыланды. Сонымен қатар, Американдық бұрыш жұмысын одан әрі дамыту және оқырмандарды тарту бойынша көптеген әдістемелік ұсыныстар берілді.

2016  жылғы жоспардың ең ауқымды шараларының бірі -  "Ақпараттық керуен" туралы жан-жақты ақпарат беріліп, шараның мақсаты мен міндеті анықталды. Бұл шара АҚШ дипломатиялық миссиясының "25 жыл бірге" кампаниясы аясында өткізіліп отыр. "Ақпараттық керуен" - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен, кітапханаларда орналасқан Американдық бұрыштар іске асырады. Бұл жобаның аясында Американдық бұрыш қызметкерлері облысымыздың қалалары мен аудандарында орналасқан кітапханаларға арнайы іссапармен барып, оның барысында

Американдық бұрыш қызметі жайлы ақпарат беріп, көшпелі көрмелер, түрлі байқаулар мен викториналар, мастер-класстар мен семинарлар ұйымдастырады.

Іссапармен келген қонағымыз "Е-librarу"электрондық ресурсі бойынша тренинг өткізіп, электрондық ресурсті қолдану, пайдаланушыларға арналған таныстыру сабақтарын ұйымдастыру бойынша туындаған сұрақтарымызға толыққанды жауап берді.

Кездесу соңында Жанар Құлжаева біздің бұрышымыздың ең белсенді волонтерлеріне АҚШ Елшілігі атынан сертификаттар табыстап, атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жемісті еңбек тіледі.