Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы сәтте Сіздерге кітаптар мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.  Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Сіздер үшін мынадай шығармашылық алаңдар жұмыс жасайды:

"Ертегілер елінде"

"Көңілді ағылшын – әрі оқу, әрі ойын"

"Қауіпсіздік әліппесі"

"Жаз қызықтарының студиясы - 2016"

Онда сіздер оқуды, сурет салуды, қол өнер шеберлігін, ашық хаттар жасауды, ою-өрнектер қиып, құрақ құрау техникасын үйренесіздер, сонымен қатар, ойын арқылы ағылшын тілін меңгере аласыздар.

Сіз әртүрлі халықтардың ғажайып ертегілер әлеміне саяхат жасап, викториналар мен байқауларға қатыса отырып, өз білімдеріңізді тексеруге мүмкіндік аласыз.

Биылғы жылы алғаш рет үйде, суға шомылған уақытта әрі көшеде өзін дұрыс ұстауға үйретіп, газды, электр құрылғыларын дұрыс қолдануды үйрететін арнайы шығармашылық алаң жұмыс жасайды. Бұл сабақтардың барлығы ойын түрінде өткізіледі.

Сабақтарды кітапханашылар жүргізеді. Ерікті қызметкерлерді әріптестікке шақырамыз!

Кітапханадағы жаз – пайдалы әрі қызықты!

Кітапханадағы жаз – ең көңілді уақыт!