Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_onlayn_konferenciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_onlayn_konferenciya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Төртінші мамыр күні көмейінен кәусар тамған әншінің, аузынан жалын шашқан ақынның, тауыс құстай киініп тал шыбықтай иілген бишінің – жалпы, бар өнердің  ордасына айналған Алматы қаласымен онлайн кездесу болып өтті. Бас қосу Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасындағы "Жыр – Жауһар" поэзия клубының 10 жылдығы аясында орын алды. Онлайн кездесудің түп мақсаты - Алматы қаласының ұлттық кітапханасы жанынан құралған "Әдебиет әлемі" және "Парасат" атты поэзия клубтарының тоғыз жолдың торабы түйіскен Қарағандымен арадағы ақындықтың алтын көпірін жалғау, ақындыққа мойын ұсынған өрендердің дұрыс бағытта ой өрелеуін сараптау.

Бұған дейін Арқаның төрі Қарағанды керекулік  от ауызды орақ тіл ақындармен және поэзияның жас өрендерімен бір мәрте онлайн отырыста бас қосқан еді. Тағылымға толы сол отырыстың жалғасына айналған бүгінгі кездесуде алматылық ақын Мұратхан Шоқан сөз түндігін қос клубтың мүшелерімен таныстырудан бастап түрді. Ол "Жыр – Жауһар" поэзия клубына ізгі ниетпен тілегін білдіріп, һәм бұдан да жоғары деңгейде әлемдік отырысқа бастама ретінде Қытайдағы қандас қазақтарға бірге баруды сұрады. Ондағы мақсат - қазақтың қара өлеңінің құдіретін әлемге таныту, сондай-ақ, қандас бауырларымыздың елге деген, қазақ жұртына деген, поэзияға деген сезімін, құштарлығын  ояту. Ал, өлеңге, жырға ғашық жанды өнерден ада деу күнә. Өз ойын ортаға осылайша жеткізген ақын сөз түйінін жалынды жырымен түйді. Қарағандылық "Жыр-Жауһар" поэзия клубының аға буын мүшелері де жауапсыз қалмады. Атап айтар болсақ, отырысты тізгіндеген Алмаз Мырзахмет, Мирас Асан, Қуаныш Медеубаев, Жанат Жаңқашұлы сықылды сөз өнерін серінің сертке таққан семсеріндей қадір тұтқан, өлеңнен білте салып, от тұтатқан жас толқын ақындар өз ойларын айтып, қарымта ретінде алматылықтарға жырдан алқа іле берді. Отырыстың өзегі ашылып, өрісі кеңейген шақта алматылық Ұлттық кітапхана жанынан құралған "Парасат" поэзия клубының жоспарымен клуб жетекшісі Аят Жолдасов бөлісті. Артынша өлеңін оқып, ақын қауымды тың ойымен сусындатты. Әрі қарай қос өлкенің жыр толқыны кезекпен өлең оқысты, ой алмасып, сана жаңғыртты. Кездесудің тәмәмдалар сәтінде  Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дина Базарбаевна кітапхана атынан жасалған өтінішті құптағаны үшін алматылықтарға алғысын айтып, онлайн отырыстың ойын топшылады. Сөз өнерін жалау етіп, ақындықты алау еткен ақындардың арқасында  арқалы жырдың Арқа мен Алатау арасындағы байланысы болашақта нығая түспек.  

{gallery}/material/news/2016_onlayn_konferenciya{/gallery}