Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_14aprel is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_14aprel is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

"Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" демекші, бірлік күні қарсаңында әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған кітапхана ұжымы осы жылы да Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан - достықтың киелі бесігі" атты кездесу кешін өткізді.

Кештің мақсаты - аймағымыздың этномәдени бірлестіктерінің қызметімен таныстыру, облысымызда тұратын ұлттардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға және жас ұрпақты ұлтаралық келісімге тәрбиелеу, жастарға эстетикалық, рухани ізгілік тұрғыдан тәрбие беру, туған елге деген патриоттық сезімін арттыру.

Мерекелік кешке қаламыздың бірнеше этномәдени бірлестіктері қатысты. "Қуаныш" би ансамблінің мың бұралған бишілері ұлттық биімізбен кешімізді ашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал кітапхана қызметкері Нұржан Құлымжанның домбырамен орындаған  "Туған жер" әні  кешті әрлендіре түсті.

{gallery}material/news/2016_14aprel{/gallery}

Кештің мақсатын айқындай түскен қонақтар өз ұжымдарының жұмыстарымен таныстырып қана қоймай, ұлттық нақыштарындағы ән-бимен шашу шашты. Поляк қоғамының төрағасы В.А. Хмелевский "Полония" Қарағанды облыстық поляк қоғамы жұмысымен таныстырып, жастарды кітапты көп  оқуға шақырды. Румын бірлестігінің төрағасы Н.В. Плушкис қорымызға румын тіліндегі кітаптарды сыйлыққа тартса, "Идел" татар және татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.З. Сатретдинова ұжым мүшесімен татар тілінде ән шырқады. Кешке жиналған қауым үлкен ықыласпен "Казачья Вольница" қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.В. Раковты тыңдап, осы бірлестіктің "Казачья Вольница" танымал ансамблінің өнерін тамашалады.

{gallery}material/news/2016_14aprel1{/gallery}

Мерекелік шараны "Видергебурт" неміс орталығының "Карусель" би  ұжымы әрлей түсті. Кішкентай бүлдіршіндердің "Қояндар" биі жиылған қауымды ерекше сезімге бөледі. Ал Т.Шевченко атындағы "Рiдне слово" украин тілі серіктестігінің мүшелері қазақ тілінде ән шырқап, көпшілікті баурады.

Осы атаулы датаға "Біздің байлығымыз - бірлікте" атты арнайы қойылған иллюстративті кітап көрмесі және көрме бойынша жасалған шолу оқырмандарға көптеген мағлұмат берді.

Жаңалықтар желісін  "Қазақстан-Қарағанды"  телеарнасынан көре аласыздар.

Толығырақ бейнематериалда