Құрметті оқырмандар!

2016 жылдың 14 сәуір күні сағат 14.00-де Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан - достықтың киелі бесігі" атты мерекелік кездесу кеші өтеді.

Аталмыш шарада Қарағанды қаласындағы ұлттық этномәдени бірлестіктердің тарихы мен мәдениеті  жайлы ақпаратпен танысып, әр ұлттың музыкалық сәлемін тамашалай аласыздар!

Келіңіздер! Көріңіздер! Қапы қалмаңыздар!