18 наурыз күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Баспасөз, Мәдениет және Білім беру мәселелері бойынша елшінің кеңесшісі Алиша Вудвардпен "Қазақстан-Америка: 25 жыл бірге" аттыкездесу кеші өтті. Бұл кездесудің мақсаты- АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың 25 жылдығын тойлау аясында АҚШ дипломатиялық миссиясы "25 жыл бірге" кампаниясын іске асыру, өзара мәдени қарым-қатынасты нығайту.
Кездесу АҚШ пен Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктерін айтумен әсерлі басталды. Шараға қатысқан оқырмандар мүмкіндіктерін пайдаланып қонаққа виза алу, алмасу бағдарламалары төңірегіндегі сұрақтарын қойып,медицина мен білім беру,тәжірибе алмасу бағдарламаларына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Әңгіменің өрісін кеңейту мақсатында қатысушылар топтарға бөлініп,алдымыздағы 25 жылдағы екі елдің жетер жетістіктерін болжап,өз пікірлерін білдірді. Кездесу өте қызықты да тартымды өтті.Шара соңында Алиша Вудвард АҚШ елшілігінің жоспарымен бөлісе отырып,еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келе,екі елдің арасындағы достыққа ерекше көңіл бөлетінін ерекше тебіреніспен атап өтті.