Балалық шақтың ең қызықты сәттерінің бірі - қысқы демалыс уақыты. Осы демалыс уақытын тиімді пайдаланған №41 орта мектептің 7 сынып оқушылары мектеп кітапханашысы Марина Өтелбайқызының бастауымен кітапханаға әсерлі саяхат жасады. Жеткіншектерге кітапхана тарихынан ақпарат беріліп, жалпы жұмысы жайлы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, кітапхананың бөлімдері бойынша экскурсия жасап, жұмыс жасайтын клубтар мен үйірмелер, ұсынылатын дәстүрлі де электронды қызмет түрлері туралы танымды мағлұмат берілді. Білім мен жаңашылдыққа құмар оқушылар кітапхананың жас оқырмандары болып тіркелді.