2015 жылдың 10 қараша күні кітапханамызда "Халық рухының қанаты" атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Аталмыш шара биылғы жылдың мерейтой иелері ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық, Мәди Бәпиұлының 135 жылдық, Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойлары арналмақ.

Сонымен қатар, биылғы жылы 85 жылдық мерейтойын атап отырған К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының әртістері мен өлкеміздің дарынды тұлғалары, биылғы жылы мерейтой иелері композитор Л. Мельникова мен дирижер Ә. Шоқанбаев осы кештің қадірлі қонағы болады.

Мерейтойлық әдеби-музыкалық кешімізге қатысып, рухани әлемі мен білімін кеңейтемін деген барлық оқырманға есігіміз ашық.