Құрметті оқырман және барша қала тұрғындары!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының біріккен жобасы – "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубының ашылуы.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында Қазақстан Республикасының мəдениет жəне қоғам қайраткерлері мен айтулы ғалымдарының рухани дəрістерін тыңдауға баршаңызға үлкен мүмкіндік бар.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубының тұсаукесері 2015 жылдың 26 қазан күні сағат 17.00-де кітапханада өтеді. Ашылу рәсімінде алғашқы дәріс өткізетін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Шабыт университетінің профессоры, əйгілі жырау Алмас Нұрмағанбетұлы Алматов.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында дəрістер əр айдың соңғы аптасында бір рет кітапханада өтіп тұрады. Аталмыш клубқа кітапхана оқырмандары мен студент жастар, қала тұрғындары мүше бола алады.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы – Рухани әлемін молайта түскісі келетін әрбір жанды танымды тұлғалардың тағылымды дәрістерін тыңдауға шақырады!