23 қыркүйек күні осы айдың соңғы жексенбісінде мерекеленетін еңбек күні аясында "Мамандықтар әлемі" фотобайқауының қорытындысы шығарылды.
Фотобайқауға ұсынылған жұмыстарда әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс күндері мен кәсіби және еңбек қызметіндегі жетістіктері бейнеленген.
Білікті комиссия шешімімен дипломдармен марапатталған қатысушылар:
- І орын Байбекова Камила – "Горячая" профессия - кузнец" фотосуреті үшін
- ІІ орын Бебик Ксения – "Профессия моей мечты" фотосуреті үшін
- ІІІ орын Девяткина Виктория – "Профессия косметолог" фотосуреті үшін
Байқауға қатысқаны үшін Ким Игорь, Горбатько Татьяна, Курманбаева Индира, Островерхов Сергей алғыс хаттармен марапатталды.
Фотобайқауға қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
"Мамандықтар әлемі" фотобайқауына ұсынылған үздік жұмыстар 22-30 қыркүйек аралығында кітапхананың бірінші қабатында назарға ұсынылады.