Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан...Мұқағали Мақатаев
2015 жылдың 14 қыркүйек күні Американдық бұрышта АҚШ жас ақыны, жазушысы Мишель Браунның қатысуымен "Celebrate Yourself: How to Write an Epic Poem" – "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы" атты ағылшын тілінде білім беру тренингі өтті.
Мишель Браун әдебиет саласында елеулі марапаттарға ие болған. 2012 жылы "Двойной агент" өлеңдер жинағы үшін алғашқы сыйлығына қол жеткізді. "Родина. С волками" өлеңдер жинағы үшін 2014 жылы поэтикалық сыйлыққа ие болды.Оның өлеңдері мен рецензиялары, эсселері әртүрлі әдеби журналдарда жарияланады. Мишель Браун Мичиган және Вирджиния штаттарының университеттерінде әдебиет және шығармашылық жазудан сабақ берген.
Қазіргі уақытта Мишель Браун Фулбрайт бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің студенттері үшін шығармашылық семинарлар өткізеді.
Аталмыш шараға Болашақ колледжінің шет тілдер факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Олар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнананбайұлы менамерикандық ақындар Уолт Уитман, Эмили Дикинсон өлеңдері мен шығармашылығын талқылады. Уолт Уитманның Американдық демократиялық болмыстың мән жайын ашатын "Song of Myself" – "Өзім туралы ән" өлеңінен алынған үзіндіні талдап, студенттер армандарын, үрейлерін және мақсаттарын бір бағанаға тізіп жазып шықты. Құрастырған бағандарын пайдаланып, "Song of Myself" өлеңін негізге ала отырып, өз бетінше өлең жолдарын құрастырып шығарды.