29 қыркүйек күні сағат 12:00 де қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай Оқу залында "Сәулең болса кеудеңде" атты әдеби сайыс өтеді. Әрі қарай әдеби байқаудың Ережесімен толығырақ таныс болыңыздар.
Абай Құнанбаевтің туғанына 170 жыл толуына байланысты
"Сәулең болса кеудеңде..." атты әдеби сайыстың өту ережесі
Сайыстың мақсаты: жастарды аты аңызға айналған, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын – жазушы, философ, композитор, әлем таныған Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тереңірек бойлату; қанша қазсаңда таусылмайтын асыл қазынасынан сусындату; әсіресе адамгершіліктің сан бағытын көрсететін, тағлымы мол қара сөздерін оқыта отырып, шығармашылық машықтарын, ой - өрістерін дамыту.
Сайысқа Қарағанды қаласының колледждерінде оқитын студенттер қатыса алады. Сайысқа қатысқысы келетін қатысушылар өтініші мен шығармашылық жұмысын кітапхананың электронды мекен-жайына 25 қыркүйекке дейін жіберуі керек немесе сайысты ұйымдастырушыға өзінің әкеліп беруіне болады. Шығармашылық жұмыс Абайдың қара сөздері жайлы "эссе" жазу. Жазу тілі қатысушының өз еркінде (қазақша, орысша). Эссенің көлемі оқыған уақытта 4 – минуттан аспауы қажет.
Ортақ нұсқау: Байқау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – сырттай, әділ – қазылар алқасы жазылған эссені жауапты түрде бағалау критерийлеріне қарай таңдайды. Екінші кезеңге өткен эссе авторлары ақтық сайыста өз шығармаларын тыңдарман алдында оқып, бағын сынайды. Байқаудың соңғы кезеңінің өтетін күні 29 қыркүйек, сағат 12:00.
Бағалау критерийлері: эссе тақырыпқа сай болуы керек (жазылған жұмысқа ғибратты, ұлағатты сөздер араластыру, заманауи мәселелерді қозғап өту). Сонымен қоса, сөз саптау шеберлігі бағаланады. Эссе көлемі берілген нұсқаудан аспауы керек (1-1,5 бет А4 немесе оқығанда 3-4 минут болу қажет).
Сайысқа қатысушыны бағалау критерийлері: шешендік өнері, сахналық киімі, байқауға қатысу ережесін дұрыс сақтауы.
Марапаттау: байқау соңында барлық қатысушы өзінің шығармасына қарай алғыс хатпен, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталады.
Ақпараттық қолдау: Іс-шара жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, телеарналардың ақпараттық бағдарламаларында көрсетіледі деп жоспарланған.
Байланыс ақпараты.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Қарағанды қаласы, 100008 Ерубаев көшесі, 44 үй.
Байланыс телефоны 49-33-75
Факс 56-77-55
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
http://karlib.kz
Жауаптылар: Лебедов Олег Владимирович (8-777-8932-779)
Құлымжан Нұржан Мәуленұлы (8-702-509-6133)