Қазақстанның кәсіптік мерекелерінің бірі - металлург күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Аталмыш кәсіптік мереке қарсаңында шілденің 19-ы күні Америка бұрышында ағылшын тілінде "Кен игеруден - кемел дамуға" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында оқырмандар көптеген пайдалы ақпарат жинады. Қара және түсті металлургия кәсіпорындарының өндірісті дамытумен қатар, аймақтың мәселелерін оңтайлы шешуге ат салысып келе жатқандығы жайлы сөз қозғалды.
Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі – тау-кен-металлургиясы болып табылады. Тау-кен металлургиясыныңбасты рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету.
Бүгінде өңірдің мақтан тұтарлық "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Қазақмыс "Корпорациясы" ЖШС, "Жәйрем кен байыту комбинаты" АҚ, "Жезқазғансирекметалл" кәсіпорындарындары мен олардың ірі жобалары жайлы да әңгіме барысында айтылды.