[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/child_summer is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Әлпештеген ата-ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата – енең картайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Ы. Алтынсарин
"Кел, балалар, оқылық"
Қазіргі таңда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Сондықтан кез-келген ата-ана өз баласының шетел тілін үйреніп, сөздер мен сөйлемдерді құрастыруға, шетел тілінде ойын еркін жеткізуге үйренуіне үлкен мән беріп, баланың оқып жетілуіне белсенді араласуы шарт.
Осы ойды түйген ата-ана үшін көмегін беріп, қолдау көрсететін бірден-бір орын – кітапханамызда жұмыс жасайтын халықаралық әдебиеттер бөлімі. Осы бөлімнен әлемнің көптеген тілдері жайлы мағлұмат алып қана қоймай, сонымен бірге сөздік, энциклопедия, анықтамалар арқылы тіл үйренуге болады. Ал ағылшын тіліне қызығушылық танытқан бүлдіршіндер үшін аталмыш бөлімнің бастамасымен қызықты ағылшын тілін үйрену клубы жұмыс жасайды.
Балаларға арналған бұл шара олардың осынау ақпараттық әлемде адаспай, уақыттарын үнемді және пайдалы жұмсауына бағытталған. Ойын элементтерін пайдалана отырып, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген құштарлықтарын оятып, жастайынан шетел тілінде көркем әдебиет оқуға үйрету – жобаның басты мақсаты.
Клубтың жұмысы әрбір сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.
{gallery}material/news/child_summer{/gallery}
Балалар күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді жеке тақырыптық карточкалар бойынша мұғаліммен бірге оқып, тез арада есте сақтайды. Бастапқы деңгейдегі ағылшын тілін үйрену болғандықтан, сол деңгейге сәйкес сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрастырады. Әрбір сабақ құнды, пайдалы болу үшін ең алдымен үйренген ақпарат қайталанып, содан кейін барып жаңа тақырып түсіндіріледі. Клубтың екінші сағатында балалар ойын ойнап немесе мұғалімге дауыстап кітап оқып береді. Балалар жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне қарай екі топқа бөлініп жұмыс жасайды. Осы клубтың жұмысын жүргізуге, балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыруда бізге кітапхана оқырмандары еріктілер болып көмек көрсетеді. Никита, Нариман, Александра сынды 8-10 сынып оқушылары (Назарбаев Зияткерлік мектебі, № 93 мектеп-гимназиясы) бізге көмек көрсете отырып, өз тілдерін де жаттықтыра беруге талпынады.
Құрметті оқырман, ата-ана! Оқу жылы басталған уақытта балаңыздың ағылшын тілін еркін де жеңіл оқуын қаласаңыз қызықты ағылшын тілін үйрену клубына балаңызды алып келіңіз, кітапханамызға жазылыңыз! Балаңыздың жарқын болашағына СІЗ де бір қадам алға басыңыз!