Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жаңа фотобайқау!

Еңбек күні мерекесі аясында өткізілетін "Мамандықтар әлемі" фотобайқауына қатысуға асығыңыздар.

10 шілде мен 20 қыркүйек аралығында Сіздерден өздеріңіздің сүйікті мамандықтарыңыз туралы фотосуреттер күтеміз.

Фотобайқаудың мақсаты: әртүрлі мамандықтағы еңбек адамының болашағы мен жетістігін бейнелеу, өнеркәсіптік және бейөндірістік саланы дамытудағы оның рөлі мен алатын орнын көрсету. Жұмыскер мамандығының беделін жоғарлату және еңбек адамының белсенді өмірлік ұстанымын бейнелеу.

Фотосуреттерге қойылатын талаптар:

Фотобайқауға түрлі-түсті және ақ қара түсті фотосуреттер қабылданады.

Фотосуреттерге ақпараттық сүйемелдеу: фотосурет атауы,  автордың аты-жөні,  байланыс телефоны.

Байқауға 20см х 30см мөлшерінде басып шығарылған суреттер қабылданады (100008, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 мекен-жайына) немесе электронды нұсқасын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс."> электронды мекен-жайына JPG, RAF немесе Tiff форматында жолдауларыңызға болады.

Компьютер бағдарламаларының және электронды фильтр көмегімен түзетулер жасалған фотосуреттер байқауға қабылданбайды.

Бағалау критерийлері:

Сіздердің жұмыстарыңызға  білікті әділ қазылар алқасы баға береді.

Фотосуреттер келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- байқау тақырыбына сәйкестігі (адамның еңбек барысындағы әрекетін жарқын көрсете білу );

- композициялық шешім

- бейнелілік

- ерекшелік.

Фотобайқауға кәсіби фотографтар мен әуесқойларды шақырамыз. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Фотобайқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Үздік жұмыстар Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының www.karlib.kz сайтында жарияланады.

Ақпараттық-сервисті қызмет көрсету секторы

Кітапхана 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды. Демалыс күні: Сенбі

Сұрақтарға жауап беруші – Ельцова Ирина Алексеевна

Тел:8 (7212) 56-74-64; 87009922759