Құрметті балақайлар!

Жазда уақыттарыңды босқа өткізбеңдер! Жаз – кітап арқылы ғажайыптар еліне саяхат жасайтын және ерекше көңіл-күй сыйлайтын уақыт.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әр жастағы балаларды бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге шақырады.

 

Бізде сурет салу мен ою-өрнек салудың қыр-сырын меңгересіз, ашық хаттар жасап, достарыңыз бен ата-анаңызды қуанта аласыз, ертегілер еліне саяхат жасап, кітаптарды кәсіби жөндеуді үйренесіз.

Сіздер үшін танымдық викториналар, конкурстар өткізіліп, мультфильмдер көрсетілімдері мен ертегілерді мәнерлеп оқу сайыстары, сөзжұмбақтар шешу бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Жаз бойы кітапханамызда сағ. 11.00-13.00 балалардың шығармашылық алаңы тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:

Дүйсенбі"Кітап  емханасы» -"Книжкина больничка" кітапты кәсіби жөндеуді үйретеді, "Читайка" мәнерлеп оқу алаңында ертегілерді дауыстап оқу ұйымдастырылады.

Сәрсенбі - Сурет салуға машықтанғыңыз келсе шығармашылық қабілеттеріңізді дамыту үшін "Эскиз" студиясы жұмыс істейді.

Жұма - "Ертегілер еліне саяхат" жасауға шақырамыз.

Сейсенбі, бейсенбі, жұма - ағылшын тілін ойын түрінде үйрететін "Қызықты ағылшын тілі"- "Веселый английский" клубы.

Барлық алаңдарды кітапханашылар тек Сіздер үшін және тегін ұйымдастырады.

Қол ұшын ұсынған еріктілерге риза боламыз

Кітапханадағы жаз – ең көңілді уақыт!

Кітапханадағы жаз – пайдалы және қызықты!