Құрметті оқырмандар!

2015 жылы 10 маусымда сағат 11.00-де Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Ортақ жеңіс!" "Одна победа!" "Оnevictory!" атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

Көрме Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты және АҚШ Ұлттық мұрағатының қорын айшықтайтын 20 фотосуреттер жинақталған.

Фотокөрменің мақсаты – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының қарапайым азаматтарының жеңіске қосқан үлесін және Екінші дүниежүзілік соғыста КСРО мен АҚШ арасындағы одақтастықтың рөлін айқын көрсетіп, фашизм кеселін фотосуреттер мен бейне материалдар арқылы айқын дәлелдеу.

Көрме 2015 жылдың 22 маусымына дейін жұмыс жасайды.