[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2015bibnight is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Қалыптасқан дәстүр бойынша 15 мамыр күні 20.00-де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана оқырман қауымды есігін айқара ашып, қонақжай қарсы алды.
Кітапхана алаңында Н.В. Гоголь және бір топ ертегі кейіпкерлері көпшілікке, әсіресе бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлттық костюмдер мен әскери форма киген кітапханашылар тобының қолдарына кітап алып билеген флеш-мобы мерекелік кештің рухын көтерді.
Шараны кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова ашып, өзінің жылы лебізін білдірді.
Акцияның ашылу салтанатында "Оқырман балалар" фотобайқауының қорытындысы жасалды. Байқауда үздік деп танылған бүлдіршіндерімізге Николай Васильевич Гогольдің өзі сыйлықтарды табыс етті.
{gallery}material/news/2015bibnight{/gallery}
Акцияның ашылу рәсімінен соң кеш жүргізушілері қонақтарды шығармашылық алаңға шақырды.
Биылғы жылғы Кітапхана түнінің басты тақырыптары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды.
Акция бағдарламасындағы "Квест бөлмесі "45-ші жылдың мамыры", "Жеңіске Салют!" атты суреттер байқауы, "Жауынгерлік аялдама" алаңдары еліміздегі атаулы оқиғалардың айғағы болды.
"Жауынгерлік аялдама" барысында "Майданнан хат келді" байқауы ұйымдастырылды.
{gallery}material/news/plocshadki{/gallery}
Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына "Бір шаңырақ астында": Интеллектуалдық, музыкалық-танымдық шоу өткізілді. Қазақстан хандығының тарихы бойынша өз білімдерін сынап көргісі келгендер "Кең даланың үзілмес жаңғырығы" интерактивті викторина сұрақтарына жауап берді. "Өз үнімді қосамын" атты"Бір ел-бір кітап" Акциясы бойынша таңдап алынған І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын дауыстап оқу алаңы тарихи прозаны сүйіп оқитын оқырмандардың қызығушылығын оятты. І.Есенберлиннің шығармасы қазақ, орыс, ағылшын, және француз тілдерінде оқылды.
Әдеттегідей құпиялы жерасты әлеміне кезекке тұрған қонақтарымыз да көп болды. Биылғы жылы кітапхана тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп қана жер асты әлеміне кіру мүмкіндігіне ие болды. Онда Ариадна жібі жол көрсетіп, шым-шытырық лабиринттен шығуға көмектесті. Өзінің музыкалық білгірлігін тексеремін деушілер үшінші қабаттағы "Үздік меломан" байқауының алаңына жиналды.
Жалпы айтқанда, шығармашылық алаңдардың барлығы өте сәтті ұйымдастырылды, әрқайсы ерекшеленіп, кеш қонақтарының қызығушылығын оята білді.
Мерекелік Акцияға кішкентай бүлдіршіндерімен келген ата-аналар үшін әртүрлі ойындар ұйымдастырылған, мультфильмдер көруге арналған балалар бөлмесі және "Айналамызда көктем мезгілі"селфи байқауы биылғы Кітапхана түнінің басты жаңалығы болды.
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Н.О. Дулатбеков пен жапон телекомпаниясының журналистер тобының қонақ болуы Кітапхана түнінің ұйымдастырушылары мен қонақтары үшін тосын сый болды.
Кітапхана түні барысында"Мені өзіңмен ала кет" кітап шопингі, "Кітапханаға жазыл да досыңды жаз" Акциясы және "Оқуды ұсынамыз!" әдеби кафе-бары жұмыс істеді.
23-30-да Кітапхана түнінің қорытындысы жарияланды. 24.00-де "Кітапқа-Салют!" отшашуы болды.
Тұрақты әріптестеріміз бен серіктестеріміздіңқолдауына шексіз алғысымызды білдіреміз:
- "Әлихан Ермеков" кітап үйі
- "Книга для Вас" кітап дүкені
- Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі
- К.С. Станиславский атындағы облыстық драма театры
- Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.